Мы создаем волны.

Резонанс. Мы создаем волны. Иногда штормы!

 
17.10.2020 00:00

Дүниежүзілік банк болжамы: Орталық Азияда 2,7 миллионнан астам адам кедейленуі мүмкін Избранное

Дүниежүзілік банктің портфеліндегі барлық бағдарламалар мен инвестициялары 6 үлкен бағдар жиынтығына бағытталған:

Об этом сообщает Москов постскриптум

  • адамдарға инвестиция салу;
  • сауданы дамыту және экономикалық өсімді қолдау;
  • өндіріс пен инновацияны арттыру;
  • қалалық және ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту;
  • өсу қызметтердің сапасы,оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету;
  • тұрғындарды табиғи апаттардан қорғау.

"Банктің міндеттерінің бірі – халықтың күнкөрісі төмен халықтың 40 пайызының кірісін өсіруге ықпал ету", – дейді Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчук.

2020 жылдың басында Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы кедейлердің санына қатысты болжамын жаңартқан.

Кірістері орташа деңгейден төмен елдердегі күнкөріс деңгейін есептейтін, адам басына күніне 3,2 доллар кедейлік шегімен есептесек, жыл басында кедейлер санатында шамамен 4,5 млн адам болды. Ал Дүниежүзілік банк табысы орташа деңгейден жоғары елдердегі күнкөріс деңгейін анықтайтын, яғни, тәулігіне 5,5 АҚШ доллармен есептесек, шамамен 19,5 миллион адам кедейлікте өмір сүрді.


Оқи отырыңыз: Жері бай Қазақстанның халқы неге байымайды? Сараптама


Оның үстіне Covid-19 пандемиясы да халықтың кедейленуіне әкелді. Осылайша, Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, келесі айларда:

  • төменгі күнкөріс шегімен есептесек, 1,6 миллионнан астам адам;
  • жоғарғы күнкөріс деңгейімен есептесек 2,7 миллионға жуық адам кедейленуі мүмкін.

Мәселен, Қазақстанда rabotanur.kz сайтында жарияланған бос жұмыс орындары жыл басымен салыстырғанда 45%-ға төмендеген. Қызметтер, сауда және туризммен байланысты салаларға ең көп әсер еткен.

Сонымен қатар,Орталық Азия елдерінде пандемия басталғалы ақша аударымдарының күрт төмендеуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Мұндай күрт құлдырау – Дүниежүзілік банк болжаған кедейліктің өсуінің негізгі факторы.

Қазақстанда тауар мен қызметтің бағасының арзан болуы олардың өзіндік құнына тікелей байланысты. Егер жанармай бағасы төмен болса, онда әлемдік баға сондай деген сөз.

"Баға өте төмен болған кезде оларды өндіруге деген қызығушылық жоғалады, айналым болмайды да, өнімділік төмендейді. Негізгі тауарлар бағасының төмендету табысы төмен елдерге жақсы. Бірақ тепе-теңдік болу керек", – дейді Дүниежүзілік банктің кедейлік пен теңдік бөлімінің аға экономисі Уильям Зейтц.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй қарызын төлеу қиын ба? Оны қайта қаржыландыру бойынша маңызды 10 сұраққа жауап


Ол кіріс пен алуға болатын ипотека мөлшері арасында байланыс болуы тиіс. Егер сізде қаржы секторы жақсы жұмыс істейтін болса, онда көрсеткіш төмендейтінін айтиады.

Өйткені, пайыздық үстеме тым төмен болса, адамдар төлей алмаса да, үсті үстіне неисе рәсімдей береді. Бұл адамдардың несие алуына жасанды мотивация жасау керек емес.

"Тұрғын үйдің өзіндік құны қолжетімді болуын реттеу керек. Егер тұрғын үй қолжетімді болса, онда сізге несие алудың қажеті жоқ. пайыздық мөлшерлемені төмендетпей, баспана құнын төмендеткен жөн", – дейді Зейтц.



Источник: “https://informburo.kz/kaz/dniezhzlk-bank-bolzhamy-ortaly-aziyada-27-millionnan-astam-adam-kedeylenu-mmkn.html”

Новые сверху Старые сверху

Оставить комментарий

Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию, где нужно
HTML-коды запрещены

Присоединяйтесь к нам. Будьте в курcе свежих событий и новостей.

Закрыть

Поиск